Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 29/2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы  

 

 Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы  № 29/2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1   тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

 «1.2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1)  кірістер – 16 571 112,8 мың теңге, соның ішінде:

салықтық түсімдер – 3 797 948,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 14 668,0 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 307 000,0 мың теңге;

трансферттер түсімі – 12 451 496,8 мың теңге;

2)  шығындар – 17 145 915,7 мың теңге;

3)  таза бюджеттік кредиттеу – 63 195,0 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 178 906,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 115 711,0 мың теңге;

4)   қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;

5)  бюджет тапшылығы (профициті) – - 637 997,9 мың теңге;

6)..бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 637 997,9 мың теңге»;

көрсетілген шешімнің 1, 4, 5, 6–қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4–қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

  1. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

Дата публикации
06 января 2026