Сегізінші шақырылған  Аршалы аудандық мәслихатының XLIV кезектен тыс сессиясының шақырылымы туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес:

  1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XLIV кезектен тыс сессиясы 2025 жылғы 9 желтоқсанда шақырылсын. Сессияның басталуы сағат 11.00-де аудандық әкімдік мәжіліс залында.
  2. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XLIV кезектен тыс сессиясының қарауына мынадай мәселелер енгізілсін:

1) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 29/2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы   № 30/2 «2025-2027 жылдарға арналған Аршалы ауданының кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 3 қыркүйектегі № 40/7 «Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

4) Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 4 қарашадағы № 42/7  «Аршалы ауданының бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

Дата публикации
06 января 2026