Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы  

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына, Аршалы ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 1 қазандағы № А-10/213 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру туралы»  қаулысына сәйкес,  Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар комиссии және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 қарашадағы № 8/3 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның жеке құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық

мәслихатының  төрағасы                                                                    Ә. Балташев

Дата публикации
24 ноября 2025