Аршалы ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салықтар мөлшерлемесін төмендету туралы

     

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ

1. Жеңілдетілген декларация негізінде арнайы салық режимі бойынша Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 726-бабының бірінші бөлігінде белгіленген мөлшерлеменің мөлшері Аршалы ауданының аумағында 4% - дан 2% - ға дейін төмендетілсін.

2. Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
24 ноября 2025