Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес:
1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XLIII кезектен тыс сессиясы 2025 жылғы 21 қарашасында шақырылсын. Сессияның басталуы сағат 11.00-де аудандық әкімдік мәжіліс залында.
2. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XLIII кезектен тыс сессиясының қарауына мынадай мәселелер енгізілсін:
1) Аршалы ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимі бойынша салықтар мөлшерлемесін төмендету туралы;
2) Аршалы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев