Аршалы ауданының Жібек жолы ауылдық округіне қарасты 41, 102 разъездтердің шекараларын (сызығын) белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 108-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 12-бабы 3) тармақшасына, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 және 31-баптарына сәйкес, Аршалы ауданының әкімідігі ҚАУЛЫ ЕТТІ және Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 1-қосымшасына сәйкес, жалпы ауданы 10,7 гектар болатын Аршалы ауданының Жібек жолы ауылдық округіне қарасты 41-разъездтің шекарасын (сызығын) белгіленсін.
  2. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің 2-қосымшасына сәйкес, жалпы ауданы 42,5 гектар болатын Аршалы ауданының Жібек жолы ауылдық округіне қарасты 102-разъездтің шекарасын (сызығын) белгіленсін
  3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аршалы

ауданының әкімі                                                                                    Д. Есжанов

 

 

Аршалы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     А. Балташев

Дата публикации
06 ноября 2025