Сегізінші шақырылған  Аршалы аудандық мәслихатының XLII кезектен тыс сессиясының шақырылымы туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес:

  1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XLII кезектен тыс сессиясы 2025 жылғы 4 қарашада шақырылсын. Сессияның басталуы сағат 11.00-де аудандық әкімдік мәжіліс залында.
  2. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XLII кезектен тыс сессиясының қарауына мынадай мәселелер енгізілсін:

1) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 29/2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Аршалы ауданының  Жібек жолы ауылдық  округіне қарасты 41, 102  разъездтердің шекараларын  (сызығын) белгілеу туралы;

3) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау  туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

4) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 16/3 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияны бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

5) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 16/4 «Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

6) Аршалы ауданының бюджеттік комиссиясының құрамын бекіту туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

Дата публикации
06 ноября 2025