Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XLI кезектi сессиясының  күн тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының кезекті XLI сессиясының күн тәртібі бекітілсін, оған мынадай мәселелер кіреді:

1) Аршалы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялардың, міндеттердің орындалуы және ауданның одан әрі даму перспективалары туралы есебі туралы;

2) 2025-2026 жылдардағы қысқы кезеңде ауданның коммуналдық шаруашылығын жылу жүйелері мен жолдардың жұмысына дайындау барысы туралы;

3) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының негізгі мәселелері туралы.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

Дата публикации
25 сентября 2025