Аршалы ауданының әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Аршалы аудандық әкімдігінің 2025 жылғы 5 тамыздағы № А-08/165 «Аршалы ауданы әкімдігінің жанынан тұрғын үй комиссиясын құру туралы» қаулына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамы қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2. Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 қыркүйектегі № 22/5 «Аршалы ауданының әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының жеке құрамын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

 

Дата публикации
04 сентября 2025