«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конститутциялық Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына учаскелік сайлау комиссияларының құрамына сайлансын:
№ 132 учаскелік сайлау комиссиясы
Шарипова Светлана Алексеевна, 1993 жылы 8 қаңтарда туған, «Аршалы аудандық мәслихатының аппараты» ММ ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, «Ауыл» партиясы Ақмола облыстық филиалынан;
№ 158 учаскелік сайлау комиссиясы
Мирсагатова Алена Миранбаевна, 1987 жылы 25 тамызда туған, «Мир-АМ» ЖК басшысы, Аршалы аудандық мемлекеттік, банк мекемелері және халыққа қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымынан;
№ 160 учаскелік сайлау комиссиясы
Туспаева Динара Салиевна, 1983 жылы 6 шілдеде туған, «Жібек жолы кентінің мектеп-лицейі» КММ бастауыш сынып мұғалімі, «Ауыл» партиясы Ақмола облыстық филиалынан;
№ 160 учаскелік сайлау комиссиясы мүшелерінің көбеюіне байланысты:
Сандыбаева Мадина Кайратовна, 1998 жылы 11 қарашада туған, «Ақмола облысының білім бөлімі Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Арнасай ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Аршалы аудандық ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымынан;
Ниязбек Бану Батырханқызы, 2001 жылы 20 қаңтарда туған, «Ақмола облысы білім бөлімі Аршалы аудандық білім бөлімінің Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы жалпы орта мектебі» КММ, Аршалы аудандық мемлекеттік, банк мекемелері және халыққа қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымынан.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев