Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 29/2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 13 646 605,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 3 628 499,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 12 117,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 100 000,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 9 905 989,0 мың теңге;
2) шығындар – 14 021 334,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 63 195,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 178 906,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 115 711,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 437 924,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 437 924,7 мың теңге»;
8 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. 2025 жылға арналған кент, ауылдық округтер бюджеті түсімдерінің құрамында аудандық бюджеттен 730 996,0 мың теңге сомасында субвенция көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
Аршалы кентіне – 187 913,0 мың теңге;
Ижевск ауылдық округіне – 48 919,0 мың теңге;
Жібек жолы ауылдық округіне – 80 348,0 мың теңге;
Анар ауылдық округіне – 34 266,0 мың теңге;
Арнасай ауылдық округіне – 26 321,0 мың теңге;
Ақбұлақ ауылдық округіне – 33 324,0 мың теңге;
Берсуат ауылдық округіне – 51 826,0 мың теңге;
Елтоқ ауылдық округіне – 42 026,0мың теңге;
Константин ауылдық округіне – 57 216,0 мың теңге;
Түрген ауылдық округіне – 44 614,0 мың теңге;
Бұлақсай ауылдық округіне – 50 957,0 мың теңге;
Сараба ауылдық округіне – 37 241,0 мың теңге;
Михайловка ауылдық округіне – 36 025,0 мың теңге;
көрсетілген шешімнің 1, 6–қосымшалары осы шешімнің 1, 2 –қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Aудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев