Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының ХL кезектен тыс сессиясының  күн тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XL кезектен тыс сессиясының күн тәртібі бекітілсін, оған мынадай мәселелер кіреді:

1) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 29/2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы   № 30/2 «2025-2027 жылдарға арналған Аршалы ауданының кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

3) Аршалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 шілдедегі № 28/5 «Аршалы ауданы әкімдігінің жеке құрамын келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

4) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 37/7 «Аршалы ауданының округтік  сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

5) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау  туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

6) Аршалы ауданының әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

Дата публикации
04 сентября 2025