Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес:
1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XL кезектен тыс сессиясы 2025 жылғы 3 қыркүйекте шақырылсын. Сессияның басталуы сағат 11.00-де аудандық әкімдік мәжіліс залында.
2. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XL кезектен тыс сессиясының қарауына мынадай мәселелер енгізілсін:
1) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 29/2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 30/2 «2025-2027 жылдарға арналған Аршалы ауданының кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) Аршалы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 шілдедегі № 28/5 «Аршалы ауданы әкімдігінің жеке құрамын келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
4) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 37/7 «Аршалы ауданының округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
5) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
6) Аршалы ауданының әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев