«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XХХIХ кезектен тыс сессиясының күн тәртібі бекітілсін, оған мынадай мәселелер кіреді:
1) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 шілдедегі № 4/4 «Аршалы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев