Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес:
1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XХХIХ кезектен тыс сессиясы 2025 жылғы 1 тамызда шақырылсын. Сессияның басталуы сағат 10.00-де аудандық әкімдік мәжіліс залында.
2. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XХХIХ кезектен тыс сессиясының қарауына мынадай мәселелер енгізілсін:
1) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 18 шілдедегі № 4/4 «Аршалы ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев