№ 9 ҚАУЛЫ экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселері жөніндегі тұрақты комиссиясы

  

2025 жылғы 30 мамыр                                                                                           Аршалы к.

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14, 15-баптарына сәйкес аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы Аршалы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Т.В.Ниевинаның ақпараты назарға алынсын.

2.  Аудандық экономика және қаржы бөліміне ұсынылсын:

1 ) Әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға жақсы және тиімді қол жеткізу қажеттілігін негізге ала отырып, тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған бюджетті әзірлеуді және атқаруды қамтамасыз ету. Өңірді одан әрі дамыту шараларын қабылдау, төмендеу байқалатын салаларға ерекше көңіл бөлу.

2)  Кірістер мен шығыстарды жоспарлау сапасын арттыруға, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға, бюджеттік берешекті азайтуға және жоюға бағытталған шаралар қабылдау.

3) Шығындардың жекелеген түрлері бойынша бюджеттен қаржыландырылатын мекемелердің артық төлем жасауына жол бермеу, бюджеттік бағдарламаларды орындауда қатаң қаржылық тәртіпті қамтамасыз ету, дебиторлық және кредиторлық берешекті қысқарту, келешекте оның өсуі мен қалыптасуына жол бермеу жөніндегі жұмысты күшейту.

4)  Қаржылық тәртіпті нығайту, бюджеттік және басқа да заңнамаларды бұзуды азайту.

5)  Объектілер бойынша жоспардан тыс төлемдерді жүзеге асыру бөлігінде бюджет қаражатының негізділігі, жауапкершілігі, мақсаттылығы және мақсаттылығы қағидаттарының орын алған бұзушылықтарына назар аудару.

6)  Дебиторлық және кредиторлық берешектердің қалыптасу мүмкіндігін болдырмау мақсатында ағымдағы жылдың бюджетінің атқарылуына егжей-тегжейлі талдау жүргізу. Қарыздың пайда болу фактілері анықталған жағдайда бюджет қаражатын қайта бөлу бойынша уақтылы шаралар қабылдау.

3. Аршалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы А.С.Жантеміровтің «Аршалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ 2024 жылға арналған аудан бюджетіне салық және басқа да міндетті төлемдердің толық өндірілуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы туралы мәліметін назарға алу;

4. Аршалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына ұсынылсын:

1)  Бюджетке түсетін қаржы ресурстарына бақылауды жүзеге асыру.

         5.  Осы қаулының орындалуын бақылау экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

 

Тұрақты

комиссия төрайымы                                                                                             Г. Ахимова

Дата публикации
09 июня 2025