«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конститутциялық Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына учаскелік сайлау комиссияларының құрамына сайлансын:
№ 130 учаскелік сайлау комиссиясы
Рафикова Ирина Николаевна, 1987 жылы 27 қарашада туған, «Аршалы кентінің агротехникалық колледжі» МКҚК жастар жөніндегі инспекторы, «Ауыл» партиясының Ақмола облыстық филиалынан;
№ 131 учаскелік сайлау комиссиясы
Шентяева Марина Николаевна, 1976 жылы 8 шілдеде туған, «Үйде күтім көрсету бойынша арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік қызметкері, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалынан;
№ 135 учаскелік сайлау комиссиясы
Шульгина Елена Николаевна, 1980 жылы 15 наурызда туған, «Ақмола облысының білім басқармасы Аршалы ауданының білім бөлімі Ижевское ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ лаборанты, «AMANAT» партиясы қоғамдық бірлестігінің Ақмола облысы Аршалы аудандық филиалынан;
№ 149 учаскелік сайлау комиссиясы
Агапова Инна Алексеевна, 1987 жылы 16 қазанда туған, «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімінің Сары-Оба станциясының № 1 жалпы білім беретін мектебі» КММ вахтері, «Ауыл» партиясы Ақмола облыстық филиалынан;
№ 152 учаскелік сайлау комиссиясы
Тилеубай Маржангул, 1980 жылы 14 қаңтарда туған, «Астана Тазалық» ЖШС жалпы қызметкері, «Қазақстан Халықтық Партиясы» Ақмола облыстық филиалынан;
Тогталмурат Гулмерей, 1994 жылы 4 мамырда туған, жұмыссыз, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігінің Ақмола облыстық филиалынан;
№ 781 учаскелік сайлау комиссиясы
Барлыбаева Еркежан Барлыбайқызы, 2004 жылы 26 қыркүйекте туған, Аршалы аудандық ІІБ уақытша ұстау изоляторының полиция қызметкері, Аршалы аудандық мемлекеттік, банк және халыққа қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымынан.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев