Аудандық бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның – «Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің есебін тыңдап, талқылағаннан кейін аудандық мәслихат атқарушы органдар, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджет қаражатын тиімді пайдалану бойынша белгілі бір жұмыс жүргізгенін атап өтті.
Аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 102,9% - ға орындалды, оған жеке табыс жоспарын асыра орындау есебінен қол жеткізілді.
2024 жылы меншік кірістерінің түсімі 4 069,1 миллион теңгені немесе жоспарға 112,1% құрады. 2023 жылмен салыстырғанда салық түсімдері 618,9 миллион теңгеге азайды, салықтық емес түсімдер 12,6 миллион теңгеге азайды, Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер 8,5 миллион теңгеге ұлғайды.
Бюджеттің шығыс бөлігі 98,5% - ға орындалды. Игерілмеген қаражат сомасы 2024 жылы 220,7 миллион теңгені құрады.
Әсіресе игерілмеудің үлкен сомасын «Аршалы ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ (174,6 миллион теңге), «Жібек жолы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ (27,2 миллион теңге), «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» ММ (18,7 миллион теңге) жіберді.
Ауданға бөлінген нысаналы трансферттер толық көлемде игерілмеді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша нысаналы трансферттерді игермеу 173,5 миллион теңгені құрады.
2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жыл басымен салыстырғанда 86,8 миллион теңге сомаға дебиторлық берешектің ұлғаюы байқалады. Кредиторлық берешек жыл басымен салыстырғанда 2 451,4 миллион теңгеге ұлғайды.
Аудан бюджетін атқару кезінде көрсетілген кемшіліктердің болуы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тарапынан жұмыстың тиісінше ұйымдастырылмағандығын куәландырады.
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 128-бабына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі уәкілетті органның – «Аршалы ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебі назарға алынсын.
1) кірістер - 15 420 780,0 мың теңге, оның ішінде:
салық түсімдеріне - 3 903 665,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдерге - 29 922,2 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдерге - 135 537,4 мың теңге;
трансферттер түсімдеріне - 11 351 655,4 мың теңге;
2) шығындар - 15 631 348,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу-117 119,1 мың теңге;
бюджеттік кредиттер - 238 403,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу-121 283,9 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо - -182,4 мың теңге;
қаржы активтерін сатып алу 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер 182,4 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -327 504,8 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 327 504,8 мың теңге;
қарыздар түсімі - 238 403,0 мың теңге;
қарыздарды өтеу - 97 208,8 мың теңге;
бюджет қаражатының пайдаланылатын қалдықтары - 186 310,6 мың теңге;
анықтама:
қаржы жылының басындағы бюджет қаражатының қалдықтары
888 388,7 мың теңге.
есепті кезеңнің соңындағы бюджет қаражатының қалдықтары 702 078,1 мың теңге.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев