Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес:
1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XXXVI кезектi сессиясы 2025 жылғы 30 мамырда шақырылсын. Сессияның басталуы сағат 11.00-де аудандық әкімдік мәжіліс залында.
2. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XXXVI кезектi сессиясының қарауына мынадай мәселелер енгізілсін:
1) «2024 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы» жылдық есепті бекіту туралы;
2) Аршалы ауданын басқару схемасын бекіту туралы;
3) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
4) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының негізгі мәселелері туралы.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев