Жер учаскесін  мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару шартын келісу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес,  Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекесі мен Оспанова Жанар Мадияровна арасында Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, № 1 шағын ауданы, 4А жер учаскесі мекенжайында орналасқан: ауданы 0,0200 га жер учаскесін алып қою туралы жасалған, мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін иеліктен шығару туралы 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 6 шарт келісілсін.
  2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                               Ә. Балташев

 

Дата публикации
15 мая 2025