2025 жылғы 15 сәуір Аршалы к.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 14,15-баптарына, Жер кодексінің 84-бабының 6-тармағына, «ҚР Мемлекеттік мүлкі туралы» ҚР Заңының 16, 65-баптарына, Аршалы ауданы әкімдігінің 07.10.2024 жылғы № А-01/204 «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі сатып алушысы болып табылатын: Ақмола облысы, Аршалы кенті, № 1 шағын ауданы, 4А жер учаскесі мекенжайында орналасқан, ауданы 0,0200 га Жанар Мадияровна Оспановаға тиесілі жер учаскесін иеліктен шығару туралы шарттың жобасы келісілсін. Шарт сомасы 3 750 000 теңге.
2. «Аршалы ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ келісу үшін Аршалы аудандық мәслихатына мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін иеліктен шығару туралы шарт жіберсін.
Тұрақты
комиссияның төрайымы Г. Ахимова