«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XХХV кезектен тыс сессиясының күн тәртібі бекітілсін, оған мынадай мәселе кіреді:
1) Аршалы ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы;
2) Аршалы ауданында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Аршалы ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы;
3) Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару шартын келісу туралы.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев