Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес:
1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XХХV кезектен тыс сессиясы 2025 жылғы 6 мамырда шақырылсын. Сессияның басталуы сағат 10.00-де аудандық әкімдік мәжіліс залында.
2. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XХХV кезектен тыс сессиясының қарауына мынадай мәселелер енгізілсін:
1) Аршалы ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына бюджет қаражаты есебiнен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін және мөлшерін бекіту туралы;
2) Аршалы ауданында қоғамдық көлікте (таксиден басқа) Аршалы ауданы азаматтарының жекелеген санаттарына жолақысын төлеу жөніндегі жеңілдік белгілеу туралы;
3) Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару шартын келісу туралы.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев