Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 29/2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
«1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 13 066 605,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 3 148 499,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 12 117,0 мың теңге;
трансферттер түсімі – 9 905 989,0 мың теңге;
2) шығындар – 13 441 334,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 63 195,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 178 906,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 115 711,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 437 924,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 437 924,7 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1, 6-қосымшалары осы шешімнің 1, 2, - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.
2. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев