«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XХХІV кезектен тыс сессиясының күн тәртібі бекітілсін, оған мынадай мәселе кіреді:
1) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 29/2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/10 «Аршалы ауданының бюджет комиссиясын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
3) Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев