Сегізінші шақырылған   Аршалы аудандық мәслихатының XХХIV кезектен тыс сессиясының шақырылымы туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес:

1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XХХIV кезектен тыс сессиясы 2025 жылғы 3 сәуірде шақырылсын. Сессияның басталуы сағат 09.30-де аудандық әкімдік мәжіліс залында.

2. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XХХIV кезектен тыс сессиясының қарауына мынадай мәселелер енгізілсін:

1) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 29/2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/10 «Аршалы ауданының бюджет комиссиясын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

3) Аршалы ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

Дата публикации
21 апреля 2025