Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, «Аршалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Аршалы ауданындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы ақпаратын тыңдап және талқылағаннан кейін, аудандық мәслихат осы мәселе бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Аршалы ауданының аумағында көктемгі кезеңде су тасқыны қаупіне ұшыраған 10 елді мекен бар (Жібек жолы ауылы, 42 разъезд, Аршалы кенті, Шортанды ауылы, Түрген ауылы, Донецк ауылы, Анар станциясы, Ақбұлақ ауылы, Берсуат ауылы, Жалтыркөл ауылы).
Тасқын суларды апатсыз өткізуді қамтамасыз ету мәселелері төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның отырыстарында қаралды. Тасқын суларды дайындау және өткізу аудандық іс-шаралар жоспарына және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның хаттамалық тапсырмаларына сәйкес жүргізілді.
Аумақтарды алдағы су тасқынына алдын ала дайындау мақсатында және 2024 жылғы су тасқыны кезеңін ескере отырып, Бөлім Аршалы ауданының әкімдігімен бірлесіп 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі кешенді жоспарды, сондай-ақ 2025 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңінен су тасқыны қаупі төнген Аршалы ауданының автомобиль жолдарын әзірледі 11 елді мекенде 15 қажетті іс-шара көзделген.
Ауданның ТЖ ақпараты ауданның прокуратурасына жолданған 2024 жылғы 14 қыркүйекте өткізілген іс-шаралар жоспарын және аудан әкімінің атына енгізілген прокурорлық қадағалау актісін орындау бойынша ауданның елді мекендерін комиссиялық тексеру қорытындысы бойынша барлық 15 іс-шара толық көлемде орындалды.
Сонымен қатар, Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға одан әрі жетілдіру, сондай-ақ азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын көктемгі кезеңге дайындау мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айында «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.
Жарылыс жұмыстарын жүргізу бөлігінде аудан әкімдігі Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінің атына Түрген ауылында, 42 разъезде және Жібек Жолы ауылында жарылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлу қажеттілігі туралы хат жолдады. Ағымдағы жылы аудан әкімдігімен жарылыс жұмыстарын жүргізуге 1 млн. теңге көлемінде қаржы қоры қарастырылған.
Мұз кептелісін болдырмау мақсатында «Agena build» ЖШС мердігерлік ұйымы Түрген ауылына жақын Есіл өзенінде жарылыс жұмыстарын жүргізді.
Ауданның ТЖБ-не елді мекендердің су тасқыны кезеңіне дайын еместігі туралы 9 акт тапсырылды.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап Аршалы ауданының аумағында, № 16 өрт сөндіру бөлімінде тәулік бойы кезекшілікті Аршалы кентінің № 5 Жедел-құтқару жасағы жүзеге асырады, саны 4 қызметкер, моторы бар 1 жүзу құралы бар.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Аршалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ақпараты назарға алынсын.
2. «Аршалы ауданының төтенше жағдайлар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне аудандағы су тасқынына қарсы жағдайды тұрақты негізде бақылауды жүзеге асыру ұсынылсын.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев