Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімінің жер ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі жұмысы туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің жер ресурстарын тиімді пайдалану жөніндегі жұмысы туралы ақпаратын тыңдап және талқылай келе, аудандық мәслихат бұл мәселе бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Бөлім қызметінің негізгі бағыттарының бірі жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын, жер пайдалану құқығын жасасу, сондай-ақ олардың орындалуын бақылау, жерді жеке меншікке сатудан аудан бюджетіне ақшалай қаражаттың түсуін және жер учаскелерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысын қамтамасыз ету болып табылады.

2024 жылы учаскелерге меншік құқығын сатудан түскен нақты түсім 135 111 200 теңгені құрады.

Жерді сатудан түскен ақшалай қаражаттың түсуін бақылауды жүйелі қамтамасыз ету мақсатында бөлім есепті кезеңде бюджетке ақшалай қаражаттың орындалуы және күтілетін (болжанатын) түсімдері бойынша салық органдарына ай сайынғы және тоқсан сайынғы мәліметтерді беру жөніндегі жұмыстарды жалғастырды.

Өнеркәсіптің жер учаскелерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды тексеру бойынша жұмыстар жүзеге асырылуда. 14 жер учаскесіне жүргізілген талдау қорытындысы бойынша 3-тен ауданның сәйкессіздігі анықталды.

Әділет органдарында Аршалы ауданының Анар станциясында орналасқан 8 жер учаскесі иесіз мүлік ретінде есепке қойылды, олар кейіннен сот тәртібімен мемлекеттік меншікке қайтарылатын болады.

  «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 301 бұйрығымен бекітілген жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларға бөліммен аудан халқына мемлекеттік қызметтердің 11 түрі көрсетіледі.

2024 жылдың кезеңінде 543 Мемлекеттік қызмет көрсетілді, 8 жер-кадастрлық жоспар қаралды және бекітілді. 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелеріне құқық беру қағидаларына сәйкес ауданда жеке тұрғын үй құрылысына жер беру туралы азаматтардың өтініштерін арнайы есепке қою бойынша жұмыс жалғастырылды.  2006 жылдан бастап осы уақытқа дейін жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскелеріне құқық беру туралы 11 545 өтініш арнайы есепке алынды.

2024 жылға арналған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару бойынша қабылданып жатқан шаралар және 2025 жылға жеткізілген жоспар туралы.

Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару бойынша 2024 жылға арналған жоспар 200 000 га құрады, оның ішінде Аршалы ауданы бойынша - 3 000 га.

Қазіргі уақытта жеткізілген жоспардан жерді ерікті түрде қайтару 2 073,7 га (70%) құрады.

Ағымдағы жылы Аршалы ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару жоспары 1 000 га құрады.          

Жоғарыда айтылғандар негізінде, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ақпараты назарға алынсын.

2. «Аршалы ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жер заңнамасының талаптарын сақтай отырып, жер ресурстарын пайдалану жөніндегі қызметті жүзеге асыру ұсынылсын.

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

Дата публикации
21 апреля 2025