«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының кезектi XXXIII сессиясының күн тәртібі бекітілсін, оған мынадай мәселелер кіреді:
1) Аршалы ауданының білім беру жүйесінің жай-күйі мен даму перспективалары туралы;
2) Аршалы ауданындағы су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы;
3) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясындағы негізгі мәселе туралы.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев