Сегізінші шақырылған  Аршалы аудандық мәслихатының XXХII кезектен тыс сессиясының шақырылымы туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес:

1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XXХII кезектен тыс сессиясы 2025 жылғы 28 ақпанда шақырылсын. Сессияның басталуы сағат 10.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында.

2. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XХХІІ кезектен тыс сессиясының қарауына мынадай мәселелер енгізілсін:

1) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 10/3 «Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы;

2) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау  туралы» шешіміне  өзгерістер енгізу туралы.

3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                     Ә. Балташев

Дата публикации
21 апреля 2025