№ 4 ҚАУЛЫ Аршалы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясы

Аршалы кенті                                                                 2025 жылғы 28 наурыз

 

Аршалы ауданындағы

қоғамдық тәртіпті қорғау

жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы

 

         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14, 15-баптарына сәйкес әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аршалы ауданының полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Қ. А. Битаковтың «Аршалы ауданындағы қоғамдық тәртіпті қорғау жөніндегі жұмыстың жай-күйі туралы» ақпараты назарға алынсын.
  2. «Аршалы ауданының полиция бөліміне» ММ ұсынылсын.

         - қоғамдық қауіпсіздік деңгейін арттыру және құқық бұзушылықтарға жедел ден қою мақсатында оларға сеніп тапсырылған учаскелерде учаскелік инспекторлардың тікелей қатысуын қамтамасыз ету арқылы Аршалы ауданының ауылдық округтеріне бақылауды күшейту ұсынылады;

         - учаскелік инспекторлар жергілікті тұрғындармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдерімен белсенді өзара іс-қимыл жасауы тиіс. Бұл проблемалық мәселелерді уақтылы анықтауға, ықтимал құқық бұзушылықтар туралы ақпарат алуға және олардың алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

 

Комиссия төрайымы                                                                         А. Анюхина

 

 

 

Дата публикации
31 марта 2025