. 2025 жылғы 12 ақпан Аршалы к.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңының 14,15-баптарына сәйкес аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Аршалы су-2030» ШЖҚ МКК директоры Х.К. Барлыбайдың ақпараты назарға алынсын.
2. Депутаттық сағатты Аршалы кентінің әкімі Д.И. Иванюктің, «Аршалы су-2030» ШЖҚ МКК директоры Х.К. Барлыбайдың, аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының, ауданның тұрғын үй-коммуналдық көлік, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, полиция бөлімі қызметкерінің қатысуымен қоқысты шығару мәселесін шешумен өткізу.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.
Тұрақты
комиссияның төрайымы Г. Ахимова