№ 1 ҚАУЛЫ экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

2025 жылғы 14 қаңтар                                                                     Аршалы к.

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14, 15-баптарына сәйкес, аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аршалы кенті әкімінің Д.И. Иванюктің аудандық мәслихат алдында жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі назарға алынсын.

2. Аршалы кентінің әкімі Д. И. Иванюкке ұсынылсын:

1) бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру жөнінде шаралар қабылдау;

2) бюджет қаражатын тиімді пайдалану шараларын қабылдау;

3) Аршалы кентін абаттандыру жұмыстарын жалғастыру;

4) Аудандық мәслихаттың депутаты А.А.Кузьмичевпен және мердігермен бірлесіп бейнебақылау камераларының жұмысын тексеру.

3. Анар ауылдық округінің әкімі Б. Н. Мұсабековтың жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі назарға алынсын.

4. Анар ауылдық округінің әкімі Б.Н. Мұсабековке ұсынылсын.

1) бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру жөнінде шаралар қабылдау;

2) бюджет қаражатын тиімді пайдалану шараларын қабылдау;

3) басталған жобаларды аяқтау бойынша жұмысты жалғастыру.

5. Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі В. В. Сураевтың жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі назарға алынсын.

6. Ақбұлақ ауылдық округінің әкімі В. В. Сураевқа ұсынылсын.

1) бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру жөнінде шаралар қабылдау;

2) бюджеттің кіріс бөлігін ықтимал толықтыру салаларын талдау;

3) бюджет қаражатын тиімді пайдалану шараларын қабылдау;

7. Осы қаулының орындалуын бақылау экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

Аудандық мәслихаттың

тұрақты комиссиясының төрайымы                                     Г. Ахимова

 

Дата публикации
21 января 2025