№ 1 ҚАУЛЫ Аршалы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясы

Аршалы кенті                                                                      2025 жылғы 14 қаңтар

 

 

Аршалы ауданының азаматтарын

әлеуметтік қолдау бойынша

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің 2024 жылғы жұмысы

және 2025 жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14, 15-баптарына сәйкес әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Л.С. Асанованың Аршалы ауданының азаматтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2024 жылғы жұмысы және 2025 жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы ақпараты назарға алынсын.
  2. «Аршалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ ұсынылсын.

- әлеуметтік қорғау саласындағы бос жұмыс орындары, қолдау бағдарламалары және заңнамадағы өзгерістер туралы жедел ақпараттандыру үшін бөлім сайты мен әлеуметтік желілердегі (Instagram, Facebook, Telegram) аккаунттарды дамыту.

- әзірленген және бекітілген бағдарламаларға сәйкес халыққа әлеуметтік қолдау көрсету бойынша жұмысты жалғастыру.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

 

Комиссия төрайымы                                                                                А. Анюхина

 

 

 

Дата публикации
16 января 2025