Сегізінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрайымдарын сайлау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12 бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аршалы аудандық мәслихатының экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы болып депутат Ахимова Гүлмира Омарқызы сайлансын.

2. Аршалы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғат пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы болып депутат Анюхина Альбина Николаевна сайлансын.

3. Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы № 1/6 «Сегізінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.

4. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                  Ә. Балташев

Дата публикации
14 января 2025