«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XXХI кезектен тыс сессиясының күн тәртібі бекітілсін, оған мынадай мәселелер кіреді:
1) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 10/3 «Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Сегізінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамдарын сайлау туралы;
3) Сегізінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрайымдарын сайлау туралы.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев