Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес:
1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XXХI кезектен тыс сессиясы 2025 жылғы 14 қаңтарда шақырылсын. Сессияның басталуы сағат 10.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында.
2. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XХХІ кезектен тыс сессиясының қарауына мынадай мәселелер енгізілсін:
1) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 20 желтоқсандағы № 10/3 «Аршалы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Сегізінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамдарын сайлау туралы;
3) Сегізінші шақырылымдағы Аршалы аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының төрайымдарын сайлау туралы.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев