Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес:
1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XXХ кезектен тыс сессиясы 2024 жылғы 26 желтоқсанда шақырылсын. Сессияның басталуы сағат 10.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында.
2. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XХХ кезектен тыс сессиясының қарауына мынадай мәселелер енгізілсін:
1) 2025-2027 жылдарға арналған Аршалы ауданының кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы;
2) Аршалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 19/10 «Аршалы ауданының бюджет комиссиясын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев