Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9 бабының 2 тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2, 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2025 жылға арналған келесі көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 12 966 605,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 3 048 499,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 12 117,0 мың теңге;
трансферттер түсімі– 9 905 989,0 мың теңге;
2) шығындар – 12 966 605,0 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 63 195,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 178 906,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 115 711,0 мың теңге;
4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0 мың теңге;
мемлекеттік қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – - 63 195,0 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 63 195,0 мың теңге.
2. 2025 жылға арналған аудандық бюджет түсімдерінің құрамындағы республикалық бюджеттен нысаналы трансферттер мен бюджеттік кредиттер қарастырылғаны 4-қосымшаға сәйкес ескерілсін.
Нысаналы трансферттердің көрсетілген сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысымен белгіленеді.
3. 2025 жылға арналған аудандық бюджет түсімдерінің құрамындағы облыстық бюджеттен нысаналы трансферттер қарастырылғаны 5-қосымшаға сәйкес ескерілсін.
Нысаналы трансферттердің көрсетілген сомаларын бөлу аудан әкімдігінің қаулысымен белгіленеді.
4. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің шығындар құрамынан кент, ауылдық округтер бюджеттеріне нысаналы трансферттер қарастырылғаны 6-қосымшаға сәйкес ескерілсін.
5. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте жергілікті атқарушы органның жоғары бюджеттің алдында 115 711,0 мың теңге сомасында бюджеттік кредиттер бойынша қарыз өтелуі ескерілсін.
6. 2025 жылға арналған ауданның жергілікті атқарушы органының резерві 60 020,0 мың теңге сомасында бекітілсін.
7. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте 232 643,0 мың теңге сомасында бюджеттік алып қоюлар көзделгені ескерілсін.
8. 2025 жылға арналған аудандық бюджетте аудандық бюджеттен кент, ауылдық округтер бюджеттеріне берілетін субвенциялар көлемдері 700 996,0 мың теңге сомасында көзделгені ескерілсін, оның ішінде:
Аршалы кентіне – 187 913,0 мың теңге;
Ижев ауылдық округіне – 48 919,0 мың теңге;
Жібек жолы ауылдық округіне – 50 348,0 мың теңге;
Анар ауылдық округіне – 34 266,0 мың теңге;
Арнасай ауылдық округіне – 26 321,0 мың теңге;
Ақбұлақ ауылдық округіне – 33 324,0 мың теңге;
Бірсуат ауылдық округіне – 51 826,0 мың теңге;
Елтоқ ауылдық округіне – 42 026,0 мың теңге;
Константинов ауылдық округіне – 57 216,0 мың теңге;
Түрген ауылдық округіне – 44 614,0 мың теңге;
Бұлақсай ауылдық округіне – 50 957,0 мың теңге;
Сараба ауылдық округіне – 37 241,00 мың теңге;
Михайлов ауылдық округіне – 36 025,0 мың теңге.
9. Осы шешім 2025 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев