«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының кезекті XXIХ сессиясының күн тәртібі бекітілсін, оған мынадай мәселелер кіреді:
1) 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы;
2) 2025 жылға арналған Аршалы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кенттер, ауылдық округтер əкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы;
3) Жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Аршалы ауданының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу туралы;
4)Аршалы аудандық мәслихатының 2025 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы;
5) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясындағы негізгі мәселе туралы.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев