«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конститутциялық Заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына учаскелік сайлау комиссияларының құрамына сайлансын:
№ 134 учаскелік сайлау комиссиясы
Жолдас Бақдәулет Бақытжанұлы, 1999 жылы 09 маусымда туылған, рота командирінің тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, Аршалы аудандық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің кәсіподағынан;
№ 147 учаскелік сайлау комиссиясы
Золотарева Татьяна Валерьевна, 1988 жылы 26 сәуірде туылған, «Михайловка ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ лаборанты, Аршалы аудандық ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіподағынан;
№ 781 учаскелік сайлау комиссиясы
Маукенов Жандос Ибрагимович, 1986 жылы 14 маусымда туылған, «Аршалы ауданының полиция бөлімі» ММ уақытша ұстау изоляторының полициясы , «AMANAT» партиясының Аршалы аумақтық филиалынан.
2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев