Сегізінші шақырылған  Аршалы аудандық мәслихатының XXVIII кезектен тыс сессиясының шақырылымы туралы  

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес:

1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XXVIII кезектен тыс сессиясы 2024 жылғы 20 желтоқсанда шақырылсын. Сессияның басталуы сағат 10.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында.

2. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XХVІІІ кезектен тыс сессиясының қарауына мынадай мәселелер енгізілсін:

1) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 13/2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Аршалы ауданында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы;

3) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 37/7 «Аршалы ауданының округтік  сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

4) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне  өзгерістер енгізу туралы.

3.Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                           Ә. Балташев

 

Дата публикации
05 января 2025