Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес:
1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XXVІ кезектен тыс сессиясы 2024 жылғы 28 қарашасында шақырылсын. Сессияның басталуы сағат 10.00-де аудандық әкімдік мәжіліс залында.
2. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XXVІ кезектен тыс сессиясының қарауына мынадай мәселе енгізсін:
1) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 13/3 «2024-2026 жылдарға арналған Аршалы ауданының кент, ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев