Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XXV кезектен тыс сессиясының күн тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін–өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XXV кезектен тыс сессиясының күн тәртібі бекітілсін, оған мынадай мәселелер кіреді:

1) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 13/2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2) Жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Аршалы ауданының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу туралы.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                           Ә. Балташев

Дата публикации
18 ноября 2024