Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес:
1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XXV кезектен тыс сессиясы 2024 жылғы 18 қарашасында шақырылсын. Сессияның басталуы сағат 10.00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында.
2. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XХV кезектен тыс сессиясының қарауына мынадай мәселелер енгізілсін:
1) Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 13/2 «2024-2026 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2) Жергілікті бюджет қаражаты есебінен «Аршалы ауданының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандырушы үстемеақылар белгілеу туралы.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев