Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес:
1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XХIII кезектен тыс сессиясы 2024 жылғы 8 қазанда шақырылсын. Сессияның басталуы сағат 10.00-де мәслихат төрағасының кабинетінде.
2. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XХІІІ кезектен тыс сессиясының қарауына мынадай мәселе енгізсін:
1) Аршалы аудандық мәслихатының депутаты А.С.Мажиеваның депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
2) «Аршалы ауданының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.
3. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық
мәслихатының төрағасы Ә. Балташев