Аршалы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялардың, міндеттердің орындалуы және ауданның одан әрі даму перспективалары туралы есебі туралы

«Әкімдердің мәслихаттар алдында есептерін жүргізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Аршалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ержан Махсұтұлы Жолымбетовтың өзіне жүктелген функциялардың, міндеттердің орындалуы және ауданның одан әрі даму перспективалары туралы есепті баяндаманы тыңдап және талқылай келе, аудандық мәслихат есепті кезеңде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша айтарлықтай жұмыс жүргізілгенін атап өтті.

Бүгінгі таңда аудан алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі - күзгі-далалық компанияны сапалы және оңтайлы мерзімде өткізу. Аудан бойынша дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау алаңы 200,9 мың гектарды құрайды.

Ауданда астықты қабылдау үшін жалпы сақтау сыйымдылығы 76,2 мың тонна болатын үш астық қабылдау кәсіпорны бар. Астықты бастапқы тазарту және кептіру үшін жалпы өнімділігі сағатына 700 тонна болатын 12 механикалық ток, 9 астық кептіргіш іске қосылды.

Ағымдағы жылы 25 бірлік жаңа техника сатып алынды.

Ауданда жерді пайдалану мен қорғауды бақылау бойынша жұмыстар жүргізуде. 2024 жылға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару бойынша ауданға 3,0 мың гектар жоспар жеткізілді. Бүгінгі таңда жерді ерікті түрде қайтару 1,8 мың гектарды және жеткізілген жоспардың 65%  құрайды.

Астана қаласының азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде Жалтыркөл ауылында жобалық қуаттылығы жылына 20 мың тонна ет болатын «Ақ-Дала Агро»  ЖШС құс етін өндіретін құс фабрикасының 4 кезеңі пайдалануға берілді.

Ағымдағы жылы Анар ауылдық округінде 4,2 миллиард теңге сомаға 600 басқа арналған «Теmir Agro» ЖШС сүт тауарлы фермасын ашу жоспарлануда. Бұл жобаның дайындығы 95 % құрайды.

2023 жылы аудан экономикасына 141,6 миллиард теңге инвестиция тартылып, 2022 жылға қарай 2 еседен астам өсім байқалды. Қазіргі уақытта ауданда жалпы сомасы 46 миллиард теңгеге 6 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Жалпы қуаттылығы 204 МВт болатын төрт жел электр станциясының құрылысы және «Аркада-Индастри» ЖШС ұсақтау-сұрыптау зауытының құрылысы сияқты жобалар іске асырылды.

Өңірдің экономикасын одан әрі әртараптандыру мақсатында ауданда Республикалық маңызы бар «Aqmola»  индустриялық аймағы құрылды. Индустриялық аймақтың аумағы 300 гектарды құрайды, келешекте 1000 гектарға дейін кеңейтіледі. Аршалы ауданына Астананы қамтамасыз етуге және өңірдің азық-түлік және өнеркәсіп өнімдеріне деген ішкі сұранысын қанағаттандыруға бағдарланған отандық және шетелдік инвесторлар тартылатын болады.

Бүгінде ауданда 1844 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Шағын бизнестің белсенді кәсіпорындарының өсу қарқыны 102% құрайды.

«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту»  ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде белсенді шаралармен 47 адам қамтылды.

Бизнестің «Жол картасы» аясында жалпы сомасы 630 миллион теңгеге үш жоба субсидияланды – бұл металл емес қалдықтарды қайта өңдеу, автомобиль жүк көлігін сатып алу және кірпіш шығаратын зауыт.

Ағымдағы жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі 57,1 миллиард теңгені немесе 2023 жылға қарай 114,8%  құрады.

Бүгінгі таңда, Аршалы ауданында бюджет қаражаты есебінен 17 жоба іске асырылуда.

Атап айтқанда, Жібек Жолы ауылында 1,2,4 шағын аудан мен 3 массивте 54 км су құбыры желілері салынып, пайдалануға берілді. Ағымдағы жылы осы шағын аудандарға су беру үшін сорғы станциясын пайдалануға беру жоспарлануда, сондай-ақ аудандық бюджеттен 22 миллион теңге бөлінген су құбыры құдықтарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Халықты электр энергиясын үздіксіз берумен қамтамасыз ету мақсатында Жібек Жолы ауылында 4 шағын ауданды, 3 массивті және ішінара 1 және 2 шағын ауданды қамтитын 72,4 килиметр желі салынды, Жібек жолы ауылында «Новоалександровка» қосалқы станциясының құрылысы аяқталуда. Ағымдағы жылдың соңына дейін Жалтыркөл ауылында 43,5 шақырым электрмен жабдықтау желілері пайдалануға беріледі.

Ауданда автомобиль жолдарының сапасы мәселесі өзекті болып қала береді.

Ағымдағы жылы Жібек Жолы және Елтоқ ауылдарының жолдарын күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуда. Қаржыландырудың болмауына байланысты ағымдағы жылы ауданның алты елді мекенінде (разъезд 42, Бабатай станциясы, Арнасай ауылы, Сараба ауылы, Бірсуат ауылының кірме жолы және Анар станциясы) жолдарды күрделі жөндеу жұмыстары жалғастырылмаған. Қажеттілік 2,1 миллиард теңгені құрайды. 

Аудан үшін әлеуметтік маңызды жоба елді мекендерді газдандыру болып қала береді. Ауданда барлығы 16 елді мекен газдандырылды. «Жібек Жолы ауылында газ желілерін салу»  он жетінші жобасы аяқталуға жақын. Аршалы кентінің газдандыру жобасына кірмеген үйлерге газбен жабдықтау желілерін жүргізу үшін облыстық бюджеттен 406,6 миллион теңге бөлінді.

Ауданның білім беру саласының жұмысы басым бағыт болып қала береді. Ауданда 29 мектеп жұмыс істейді. 24 балабақша, 14 шағын орталық.

Материалдық-техникалық базаны нығайтуға, мектептерді жөндеуге және білім беру объектілерін жылыту маусымына дайындауға жоғары тұрған бюджеттен 1 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді.

Аршалы кентінің №1 жалпы білім беретін мектебі, Михайлов, Ақбұлақ, Константинов, Бірсуат және Белоярка ауылдарының орта мектептері күрделі жөндеумен қамтылды. Ауданның үш балабақшасы мен төрт мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

13 жаңа модификация кабинеті, 1 инклюзия кабинеті, 16 Tech панелі, 29 компьютер сатып алынды. Сонымен қатар, жаңғырту бағдарламасы аясында 6 шағын жинақты мектеп жиһазбен және асханалық жабдықтармен жаңартылды. Қостомар ауылының негізгі мектебі үшін 18 орындық газель сатып алынды.

Ауданда үш әлеуметтік маңызы бар жоба іске асырылуда: Жібек Жолы ауылында 150 орындық демалыс орталығының құрылысы, Аршалы ауылында 300 орындық мәдениет үйінің құрылысы. Аршалы кентінде 27 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

Негізгі мәселелердің бірі тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымның жай-күйі болып қала береді. Мәселен, 2024-2025 жыл жылыту маусымына ауданның коммуналдық қазандықтарын ағымдағы жөндеу және көмір сатып алу үшін 404,3 миллион теңге, оның ішінде облыстық бюджеттен 223 миллион теңге және аудандық бюджеттен 181,3 миллион теңге бөлінді.

Тұрмыстың әлеуметтік маңызды мәселелерін шешу және аудан халқының тыныс-тіршілігін жақсарту мақсатында Жібек Жолы ауылының 7 және 8 шағын ауданындағы көпірлерді реконструкциялау, өрт депосын салу, Есіл өзенінің арнасын тазарту0, түбін тереңдету және нығайту (21 км), Жібек Жолы ауылының дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жобалары бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленді.

Сонымен қатар, Аршалы ауданының елді мекендерінде стихиялық қоқыс үйінділерін жоюға, Аршалы кентінде сумен жабдықтауға және кәріз жүйесінің жұмыс істеуіне байланысты шешілмеген мәселелер бар.

         Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аршалы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ержан Махсұтұлы Жолымбетовтің өзіне жүктелген функциялардың, міндеттердің орындалуы және ауданның одан әрі даму перспективалары туралы есебі назарға алынсын.

2. Ауданның, Аршалы кенті мен ауылдық округтер әкімінің басшылығына, дербес атқарушы органдарға ауданның одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі жұмысты жалғастыру ұсынылсын.

Инфрақұрылымдық және әлеуметтік объектілерді дамыту жөніндегі бірінші кезектегі мәселелерді шешуге, бюджет қаражатын игеру жөніндегі белгіленген міндеттерді барынша іске асыруға ерекше назар аударылсын.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика, бюджет, аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

4. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                              Ә. Балташев

 

Дата публикации
01 октября 2024