Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының XХII кезектi сессиясының  күн тәртібін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Сегізінші шақырылған Аршалы аудандық мәслихатының кезекті XХII сессиясының күн тәртібі бекітілсін, оған мынадай мәселелер кіреді:

1) Аршалы ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялардың, міндеттердің орындалуы және ауданның одан әрі даму перспективалары туралы есебі туралы;

2) 2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңде ауданның коммуналдық шаруашылығын жылу жүйелері мен жолдардың жұмысына дайындау барысы туралы;

3) Аршалы аудандық мәслихатының депутаты А.Н. Глебованың депутаттық өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;

4) Аршалы ауданының әкімдігі жанындағы тұрғын үй комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы;

5) Аршалы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 19 наурыздағы № 16/3 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияны бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

6) Аршалы аудандық мәслихатының кезекті сессиясының негізгі мәселелері туралы.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                 Ә. Балташев

Дата публикации
01 октября 2024