№ 5 ҚАУЛЫ Аршалы аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясы

Аршалы кенті                                                                2024 жылғы 23 қыркүйек

 

 

Аршалы ауданында

қолжетімді медициналық

 қызмет көрсету туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14, 15-баптарына сәйкес әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Аршалы аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері К.К. Бакировтың «Аршалы ауданында қолжетімді медициналық қызметтер көрсету туралы» ақпараты назарға алынсын.
  2. «Аршалы аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК ұсынылсын:

- медициналық персоналды оқыту бойынша қосымша бағдарламалар енгізу, сондай-ақ медициналық персоналды оқыту мен біліктілігін арттыруды жүргізу қажет, өйткені кадрлық әлеует халыққа сапалы қызмет көрсетудің маңызды аспектісі болып табылады;

         - семинарлар мен тренингтерге қызметкерлердің тұрақты қатысуын жүргізу, бұл біздің аудан тұрғындарын емдеуде диагностиканың заманауи тәжірибелері мен әдістерін енгізуге көмектеседі.

 - медициналық оқу орындарымен ынтымақтастық орнатуға және тәжірибе алмасу үшін мамандарды шақыру.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер, заңдылық, экология және табиғатты пайдалану жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

 

Комиссия төрайымы                                                                              Г. Ахимова

 

 

 

Дата публикации
25 сентября 2024