Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы         № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін  сайлау туралы» шешіміне   өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан  Республикасы Конститутциялық заңының 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабына сәйкес, Аршалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Аршалы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 12/3 «Аршалы ауданының учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

шығып қалған комиссия мүшелерінің орнына учаскелік сайлау комиссияларының құрамына сайлансын:

№ 135 учаскелік сайлау комиссиясы

         Мифтахов Владимир Шарафутдинович, 1988 жылы 22 мамырда туған,  «Автотрейд» ЖШС бөлшек сауда менеджері, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Ақмола облыстық филиалынан;

№ 137 учаскелік сайлау комиссиясы

         Зданович Валентина Анатольевна, 1977 жылы 19 наурызда туған, жұмыссыз, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Ақмола облыстық филиалынан;

№ 138 учаскелік сайлау комиссиясы

         Капашева Айгуль Амандыковна, 1971 жылы 07 қарашада туған, Байдала ауылының медициналық пунктінің медбикесі, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Ақмола облыстық филиалынан;

№ 142 учаскелік сайлау комиссиясы

         Ивутина Снежанна Геннадьевна, 1996 жылы 16 наурызда туған, «Полтавцов» ЖК сатушысы, «AMANAT» артиясының Аршалы аумақтық филиалынан;

     көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес 35-қосымшамен толықтырылсын.

2. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 Аудандық

мәслихатының төрағасы                                                            Ә. Балташев

Дата публикации
20 августа 2024